20 қаңтар 2017 14:33

Шымкенттікті алдап соққысы келіп, әшкере болған нигериялықтар сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкенттікті алдап соққысы келіп, әшкере болған нигериялықтар сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Әл-Фараби аудандық соттың судьясы Талғат Қахаровқа сілтеме жасап.


Шымкенттікті алдап соққысы келіп, әшкере болған нигериялықтар сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Әл-Фараби аудандық соттың судьясы Талғат Қахаровқа сілтеме жасап.

Нигерия азаматтары аса ірі көлемдегі алаяқтық үшін сотталды. Оларды Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері 2016 жылдың қазан айында ұстаған болатын. Алаяқтар сол кезде Қазақстан азаматын алдамақ болған. Судьяның айтуынша, елімізде осы күнге дейін мұндай алаяқтық болған емес. Олар заңсыз табылған долларларды "ағартып", сол ақшаны еліміздің экономикасына құймақшы болған. Негізінде олар кәсіпкерлерді алдамақшы болған екен.

"Қазақстанда мұндай іс алғаш рет қаралып отыр. Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері жақсы жұмыс істеді және олар кінәні толықтай дәлелдейтін айғақтарды көрсетті. Сотталғандар Қазақстан азаматтарына сиқыр жасаған, яғни, олар қара түсті парақтардан қалай доллар жасауға болатынын көрсеткен. Нигериялықтардың айтуынша, олар сол ақшаны Нигериядан алып келіп, Қазақстанға құймақшы болған. Негізінде шын доллардың саны алтау болған. Ал қалған ақшаның барлығы жалған болып шыққан. Содан нигериялықтар алданған адамдармен келіскен соң, шамды жағып, азаматтардың шын ақшаларын өздерінің жалған ақшаларына ауыстырып алып отырған", - дейді судья Талғат Қахаров.

Осы іске зардап шегуші ретінде қатысқан Шымкент тұрғыны бастапқыда бұл ұсынысқа қызыққан. Оған ақшаларды "ағартып", 16 мың долларды көбейтіп алу үшін шын ақшалардың қажет болатынын айтқан. Алайда ер адам интернеттен мұндай алаяқтықтың салдарынан адамдардың зардап шегіп жататыны жайлы біліп, Оңтүстік Қазақстан облысының Мемлекеттік кірістер департаментіне хабарласқан. Айта кетейік, сот процесі 27 желтоқсанда басталды. 

Осылайша екі нигериялық - Обах Жозефат пен Нвоке Екендиричик соттың үкімімен ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша ("Алаяқтық") айыпты деп танылды. Олардың мүлкі тәркіленіп, бес жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Бірақ олар аса ірі көлемдегі алаяқтық үшін сотталғандықтан, Нигерия азаматтарына рақымшылық жасалды. Себебі зардап шегушіге ешқандай материалдық шығын келтірілмеген.

Айта кетейік, сотталған шетелдіктер жазасын Қазақстандағы жалпы тәртіптегі колонияда 3 жыл 9 ай өтейтін болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети