16 тамыз 2017 10:13

Шымкенттіктердің 300 миллион теңгесін қағып алған алаяқ ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент қаласының полицейлері азаматтарды 300 миллион теңгеге алдаған алаяқты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Шымкент қаласының полицейлері азаматтарды 300 миллион теңгеге алдаған алаяқты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ-нің қызметкерлері үлкен соммада алаяқтық жасап іздеуде жүрген азаматты ұстады. Ол 5 алаяқтық дерегі бойынша күдікті танылып отыр. Ер адам Шымкент қаласының 1971 жылғы тұрғыны болып шықты.

ІІД мәліметінше, күдікті кепілде жүрген. Соттың шешімін күтпей, белгісіз бағытқа ізін суытқан. Сол себепті іздеу жарияланған. Жарты жыл өткенде тәртіп сақшылары жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктіні өз үйінде ұстап, полиция бөліміне жеткізілді.

Тергеу барысында анықталғаны 46 жастағы ер азамат жәбірленушілерге тендер алып беремін деген жалған уәдемен сеніміне кіріп, ақшаны алып, белгісіз бағытта жасырынып отырған. Сонымен, күдікті 2015 жылы 32 жастағы Шымкент қаласының тұрғынының сеніміне кіріп, тендер алуға көмектесемін деп, алаяқтық жолмен 120 миллион тенгеден астам ақшасын алып ізін суытқан.

Қазіргі уақытта осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы ("Алаяқтық") қылмыстық іс қозғалды. Жәбірленушілерге келтірілген шығынның көлемі 300 миллион теңгеге жуық сомманы құрайды. Күдікті қамауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ ызметкерлері күдікті 1971 жылғы Сағын Сейитжан тарапынан алаяқтықтың құрбаны болған азаматтар полиция бөлімінің "102" нөміріне хабарласуларыңызды сұрайды.

Тәртіп сақшылары алаяқтардың құрбаны болмас үшін, бейтаныс азаматтармен қарым-қатынас барысында сақ болуын ескертеді. Сондай-ақ, полицейлер егер де Сіз осындай қылмыстың жәбірленушісі немесе куәгері болсаңыз, тез арада "102" нөміріне хабар беруіңізді сұрайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети