Шымкетте түнде тыныштық бұзған қыздар ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкетте түнде тыныштық бұзған қыздар ұсталды

Шымкентте түнде тыныштық бұзған масаң күйдегі қыздар уақытша уытсызданыру орталығына жеткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте түнде тыныштық бұзған масаң күйдегі қыздар уақытша уытсызданыру орталығына жеткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2 шілде сағат 03:45 шамасында полицияға тұрғындардан "Восток" мөлтек ауданындағы үйлердің бірінің ауласында түнгі уақытта тыныштықты бұзу жайты орын алып жатқаны туралы хабарлама түскен. Шақырту бойынша орынға жедел жеткен полиция қызметкерлері тұрғын үйлер ауласында үш қыздың спирттік ішімдік ішіп отырғанын анықтады. Аталған тұрғындар полицейлердің ескертулеріне құлақ аспай, ары қарай отыра бермек болған.

Тәртіп сақшылары олардың алкогольдік масаң күйін анықтау мақсатында медициналық куәландырудан өткізу үшін медициналық мекемеге жеткізді.

Куәландыру нәтижесінде орта дәрежеде алкогольдік масаң күйі анықталған қыздар уақытша уытсыздандыру орталығына жеткізілді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети