28 мамыр 2014 20:06

СҚО әкімінің орынбасарына қатысты қылмыстық іс қозғалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото m.knews.kg сайтынан алынды Фото m.knews.kg сайтынан алынды

Қаржы полициясы Солтүстік Қазақстан облысы әкімнің орынбасарына қатысты қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  сол мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қаржы полициясы Солтүстік Қазақстан облысы әкімнің орынбасарына қатысты қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  сол мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Үстіміздегі жылдың 28 мамырында Қаржы полициясы агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Владимир Балахонцевтың үстінен мемлекеттік сатылымдарды сатып алу байқауы барысында өз қызметін асыра пайдаланды деген фактімен қылмыстық іс қозғады", - делінген хабарламада.

Қылмыстық іс тексеріліп жатқандықтан, бұл жағдайға байланысты басқа ақпараттар жарияланбады.

Еске салайық, кеше СҚО әкімі Самат Ескендіров отставкаға кетті. Оның орнынан кету себебін  Президент әкімшілігінің жетекшісі Нұрлан Нығматулин мәлімдеген болатын. Облыстың жаңа әкімі болып Ерік Сұлтанов тағайындалды. 

 

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети