СҚО-да 20 жастағы жігіт 500 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

СҚО-да 20 жастағы жігіт 500 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылды Фото: polisia.kz

Солтүстік Қазақстан облысында бұзақылық жасаған 20 жастағы тұрғын 500 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Солтүстік Қазақстан облысында бұзақылық жасаған 20 жастағы тұрғын 500 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Порталдың мәліметінше, Петропавлда заңды бұзған 3 адам сотталып, қоғамдық жұмыстарға тартылған. 

"Төтенше жағдай және коронавирус инфекцияны таратпау бойынша карантин шаралары кезеңінде бұл азаматтар автобус аялдамалары мен тұрғын үйдің кіреберісіне дезинфекция жүргізеді. Осылайша, олар жазасын өтеп қана қоймай, қоғамға пайдасын тигізіп жатыр", - дейді СҚО бойынша ҚАЖД басшысы Рустан Ахметжанов.

Сонымен қатар, қалалық пробация қызметі қоғамдық жұмыстарға тартылғандар жазасын қалай өтеп жатқанын айтты.

"Петропавл қаласы пробация қызметі бөлімінің есебінде А. есімді азамат тұр. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы ("Бұзақылық") бойынша жауапқа тартылып, 500 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылды.

Ол 2019 жылы Петропавлдағы мейрамханалардың бірінде досымен болған. А. есімді азамат мас болып, бұзақылы жасаған. Ол мейрамхананың маңынан өтіп бара жатқан адамға шабуыл жасап, оған жеңіл дәрежеде жарақат салған", - делінген хабарламада.

Пробация қызметінің мәліметінше, сотталушы қоғамдық жұмысқа белсенді қатысып жүр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети