СҚО-да 50-ге жуық елікті өлтіргендер ұсталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

СҚО полицейлері 50-ге жуық елікті жоюға қатысты күдіктілерді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

СҚО полицейлері 50-ге жуық елікті жоюға қатысты күдіктілерді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

СҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері облыстық полиция ведомствосының басқа бөлімшелерімен бірлесіп, аса ірі мөлшерде заңсыз аң аулауға күдікті Петропавлдың үш тұрғынын ұстады.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қарамағына Петропавл тұрғындарының бірінде тіркелмеген қарудың болуы туралы ақпарат түскен.

27 ақпанда таңертең Челябинск - Новосибирск тас жолының 525 шақырымын тексеру кезінде полиция қызметкерлері 28 жастағы азаматтың басқаруындағы ВАЗ - 2115 автокөлігін тоқтатты. Салонда 29 және 30 жастағы тағы екі Петропавл қаласының тұрғындары болған. Автокөліктің жүксалғышынан қарау кезінде Сібір елігінің 4 ұшасы, сондай-ақ ТОЗ екі тіркелмеген тегіс ұңғылы мылтық, 2 патрон, гильза және басқа да аңшылық құрал-жабдықтар табылып, тәркіленді.

"Бұдан әрі іс-шараларды өткізу кезінде Петропавлдағы саяжай қоғамдарының біріндегі үйден 2 ұшасы мен 41 елік терісі, 119 тұяқ, 12 бас жануар тәркіленді. Бұл факт ҚР ҚК-нің 337-бабының 3-бөлігі (Заңсыз аңшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Тәркіленген қару мен жануарлардың қалдықтары сараптамаға жіберілді. Күдіктілер Петропавл қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлайды СҚО ПД ҰҚҚКБ бастығы Жандос Басыбаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 522.11  course up  594.5  course up  6.34  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro