07 қыркүйек 2019 18:04

СҚО-да 8-сынып оқушысы екінші сыныпта оқитын қызды зорламақ болған

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавлда сегізінші сынып оқушысы екінші сыныпта оқитын қызды зорлауға оқталған, - деп хабарлайды КТК.


Петропавлда сегізінші сынып оқушысы екінші сыныпта оқитын қызды зорлауға оқталған, - деп хабарлайды КТК.

Полиция департаментіндегілер аталған ақпаратты растады. Бүгінде сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. 6 қыркүйекте әлеуметтік желілерде Петропавлда бірнеше күн бұрын 8-сынып оқушысы мектептен үйіне қайтып бара жатқан екінші сыныпта оқитын қызды зорлауға оқталды деген ақпарат тараған еді.

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер аталған деректерді растады.

"2 қыркүйекте Петропавлда полиция басқармасына облыс орталығының 59 жастағы тұрғынынан шағым түсті. Ол кешкі сағат 18:00 шамасында белгісіз біреу 2011 жылғы немересіне азғындық әрекеттер жасағанын айтты. Қылмыстық полиция бөлімі қызметкерлерінің жедел іздестіру шараларының нәтижесінде 2006 жылы туған кәмелетке толмаған тұлға анықталды", - дейді полициядағылар.

Полиция мәліметінше, аталған дерек бойынша ҚР ҚК 124-бабы 1-тармағына (Көрінеу кәмелет жасқа толмаған балаға күш көрсетпей азғындық әрекеттер жасау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Тиісті сараптамалар тағайындалған. Істі тергеу барысы СҚО полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети