СҚО-да ауыл тұрғыны итті балтамен шауып тастады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Солтүстік Қазақстан облысында ауыл тұрғыны бөтен ауладан шынжырда тұрған итті ұрлап кетіп, еті үшін аяусыз балталап өлтірген. Кейін ол учаскелік полиция инспекторына бағынбай, қарсылық көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Солтүстік Қазақстан облысында ауыл тұрғыны бөтен ауладан шынжырда тұрған итті ұрлап кетіп, еті үшін аяусыз балталап өлтірген. Кейін ол учаскелік полиция инспекторына бағынбай, қарсылық көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ауыл тұрғынының бұл қатыгез әрекеті желі қолданушылары наразылығын тудырды. Түнде ол біреудің ауласынан ит ұрлап кетіп, терісін сыпырып алған. Бұл туралы иттің иесі "СҚО фаунасы" жануарларға көмек көрсету ұйымына хабарлаған. Оның айтуынша, қараңғы түскенде үш жас жігіт ауласына рұқсатсыз кіріп кеткен.

"Олар итті балтамен ұрды, ол шамасы келгенше қарсыласты... Иттің бойынан әлі кеткенде, сүйреп алып кетті. Терісін сыпырып тастапты", - деп хабарлады "СҚО фаунасы" жануарларға көмек ұйымы өкілдері.

Ұсталған кезде бәрі қарсылық көрсеткен. Олардың бірі қамауға алынды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Животные Петропавловска (@fauna_sko)

"Учаскелік полиция инспекторына бағынбау дерегі бойынша әкімшілік материал жиналып, 8 ақпанда сотта қаралды. ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабына сәйкес Тоқшын ауылының тұрғынына 5 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды", - деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Полиция мәліметіне сүйенсек, ол шынжырдағы итті жеке мақсатына пайдалану үшін ұрлаған.

"Іс ҚР ҚК-нің 188-бабы, 1-бөлігі "ұрлық" дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу тізіміне тіркелді. Осы қылмысты жасады деген күдікпен бұрын сотталған 2001 жылғы ауыл тұрғыны ұсталды", - деп хабарлайды СҚО ПД.

Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Оның нәтижесі бойынша шешім шығады. Күдікті қолданыстағы заңнамаға сәйкес жазаланады. Ол ешқайда кетпейтіні туралы қолхат берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro