25 қараша 2022 09:15

СҚО-да әйелді балталап өлтірген ер адам ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Солтүстік Қазақстан облысында айуандықпен кісі өлтіру оқиғасы тіркелді. Советское ауылының тұрғыны азаматтық некедегі әйелін балтамен ұрып өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.


Солтүстік Қазақстан облысында айуандықпен кісі өлтіру оқиғасы тіркелді. Советское ауылының тұрғыны азаматтық некедегі әйелін балтамен ұрып өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

17 қарашада Мағжан Жұмабаев ауданының полиция бөліміне Советское ауылында үйдің кіреберісінде зорлық белгілері бар 56 жастағы әйелдің денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

"Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша Соталды тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Адам өлтірді деген күдікпен осы ауылдың 52 жастағы тұрғыны ұсталды. Оның айтуынша, 14 қарашада алкогольдік ішімдіктерді бірге ішу кезінде жәбірленуші екеуінің арасында жанжал туындаған. Жанжал барысында ер адам әйелге өлімге әкеп соқтыратын соққылар жасаған", - деп көрсетті ІІМ баспасөз қызметі.

Әйелдің денесін 17 қарашада анасының жағдайын біліп қайтуға келген қызы тапқан.

Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети