04 маусым 2021 09:29

СҚО-да "банк қауіпсіздік қызметі" тұрғыннан 8 миллион теңгесін алып қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавлда 44 жастағы әйел алаяқтар құрбаны болды. Оған телефон арқылы банк есепшоттарында күдікті әрекет жасалып жатқаны айтылған. Нәтижесінде әйел 8 миллион теңгеден аса шығынға ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Петропавловск.news" басылымына сілтеме жасап.


Петропавлда 44 жастағы әйел алаяқтар құрбаны болды. Оған телефон арқылы банк есепшоттарында күдікті әрекет жасалып жатқаны айтылған. Нәтижесінде әйел 8 миллион теңгеден аса шығынға ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Петропавловск.news" басылымына сілтеме жасап.

Петропавл тұрғынына банк қауіпсіздік қызметі атынан алаяқтар қоңырау шалған.

"Оған белгісіз адам хабарласып, есепшотында күдікті әрекет байқалғанын айтады. Ақшасын ұрламас үшін оны "резервтік есепшотқа" аудару керек болады. Әйел алаяқтың нұсқауларын орындап, өзінің бүкіл жинаған ақшасынан айырылды", - деді СҚО криминалдық полиция басқармасының бастығы Петр Климов.

Дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі "Алаяқтық" бойынша тіркелген.

Полицейлер қала тұрғындарына алаяқтар ойлап тапқан алдау әрекетіне сенбеуге шақырды. 

"Банк қызметкерлері қандай жағдай болмасын клиентті қаржылық операция орындауға мәжбүрлей алмайды. Алаяқтар сенімді әрекет етеді және табанды болады. Олар өз құрбандарына қатысты көп мәлімет білуі мүмкін. Олардың құпия деректер мен таңбаларды сұраған кездері де тіркелген. Есте сақтайық: қылмыскерлерге банктегі жеке деректеріңізді өзіңіз бермесеңіз, олардың күші жоқ. Туыстарыңыз бен достарыңызға алаяқтар туралы ескертіңіз. Күмәнді жағдайларда банк нөмерлеріне қоңырау шалыңыз", - деді Петр Климов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети