СҚО-да белгісіз біреулер шенеуніктің көлігіне оқ жаудырған

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

СҚО-да белгісіз біреулер шенеуніктің көлігіне оқ жаудырған

Солтүстік Қазақстан облысында Челябі-Новосибирск тасжолында әйнегі сынған, оқ тиген көлік табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Солтүстік Қазақстан облысында Челябі-Новосибирск тасжолында әйнегі сынған, оқ тиген көлік табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға орнынан түсірілген суреттер әлеуметтік желіде тарады. Желі қолданушылары жолда "тоқсаныншы жылдар стилінде" төбелес болған шығар деп болжады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ПЕТРОПАВЛОВСК КАЗАХСТАН (@dtp_sko)

"Челябі-Новосибирск тасжолының 635 шақырымында Чистое ауылына жақын жерде Hyundai Accent маркалы көлік анықталды. Мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ. Зақымданған жерлері бар. Жүргізуші жақтағы есікке екі рет бытыралы мылтықпен оқ атқан. 

Бірақ жарақат алған адамдар жоқ. Тәртіп сақшылары көліктің иесін анықтады. Ол облыстық білім сапасын бақылау департаментінде тіркелген. Оған Петропавл қаласының 25 жастағы тұрғыны жауапты. Оның айтуынша, 17 желтоқсан күні түнгі сағат 22:00-де көлік бұзылып қалған. Ол мемлекеттік тіркеу нөмірлерін алып, көлікті жол жиегінде қалдырып кеткен. Полицейлер бұл ақпаратты тексеріп жатыр", - делінген хабарламада.

Тәртіп сақшылары зардап шеккендер жоқ екенін айтты. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 202-бабы, 2-тармағы (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Оқ атқан адамдар іздестіріліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети