СҚО-да отбасында жанжал шығып, ер адам әйелін мылтықпен атып, немересін жарақаттады. Дәрігерлер қазір қыздың өмірі үшін күресіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
СҚО-да отбасында жанжал шығып, ер адам әйелін мылтықпен атып, немересін жарақаттады. Дәрігерлер қазір қыздың өмірі үшін күресіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Көршілерінің айтуынша, қаза тапқан әйел сол кезде жұбайымен сөзге келіспей қызының үйінде түнеген. Жантүршігерлік жағдай күндіз сол үйде болған. Мас ер адам әйелін үйіне алып кеткісі келген, бірақ олардың арасында тағы да жанжал болған. Осыдан кейін ол мылтық алып, әйелін атып өлтірген. Кейін 14 жастағы немересін жарақаттаған. Ер адамның қызы көшеге шығып, көмек шақырып үлгерген.
"Полиция қызметкерлері ауладан 1962 жылы туған әйелдің мәйітін тапты, сондай-ақ үйде 2007 жылғы қыз болды. 1963 жылы туған үй иесі мас күйінде, әйелімен болған жанжал кезінде оған "ИЖ" маркалы мылтықпен оқ атқаны анықталды, нәтижесінде әйел оқиға орнында қайтыс болды. Үйде болған немересі де жарақат алды. Дәрігерлер қазір қыздың өмірі үшін күресіп жатыр. Ол реанимацияда және жасанды тыныс алу аппаратына қосылған", - деді Тимирязев ауданының полиция бөлімі бастығы Талғат Кенжетаев телеарнаға.
Телеарна тілшісінің айтуынша, ер адам аңшы болған, сондықтан үйде мылтық бар. Полицейлер ол есепте тұрмайтынын және заңмен проблемасы болмағанын айтқан.
Енді ер адамға бірден екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалды: "Адам өлтіру" және "Адам өлтіру әрекеті". Олардың әрқайсысы 16 жылдан бастап өмір бойына бас бостандығынан айыру жасасын қарастырады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!