30 қараша 2021 | 16:38

СҚО-да есірткі сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Солтүстік Қазақстан облысында синтетикалық есірткі өндірісін ұйымдастырған қылмыстық топ мүшелеріне үкім шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Солтүстік Қазақстан облысында синтетикалық есірткі өндірісін ұйымдастырған қылмыстық топ мүшелеріне үкім шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Петропавл қаласында 35 жастағы қала тұрғыны 4 адамнан тұратын қылмыстық топты ұйымдастырып, заңсыз есірткі бизнесінің толық циклін - өндірістен бастап бөлшек саудаға дейін жасаған.

ҰҚТ ұйымдастырушысы немере ағаларын да есірткі таратуға тартқан. Сонымен қатар, топ басшысының өзі ешкімге сенбей, психотроптық заттарды сатып алушылармен және таратушылармен тікелей байланысқа түспеген.

"Қылмыстық әрекетке тартылған әйелдердің біреуі ғана кірістерді бөлуге дейінгі барлық қылмыстық схеманы білген. Ол есірткіні шағын партияларға орау үшін жауап берген, есірткілерді байланыс тәсілімен таратқан қылмыстық топтың қатардағы қатысушыларымен өзара әрекеттесуді қамтамасыз етіп отырған. Есірткіні сату үшін өзінің есірткіге тәуелді әпкесін және әпкесімен бірге тұратын адамды қылмыстық әрекетке тартқан. Оның есебінше, олар тәуелді болғандықтан, жұмыс берушілерін "сатпайды" деген қорытындыға келген" - делінген хабарламада.

ҰҚТ басшысынан есірткі өндіруге арналған үш килограмнан аса "Альфа-PVP" синтетикалық есірткі, 65 литр прекурсор, колбалар, ыдыстар, қорғаныс костюмдері, респираторлар, ұялы телефондар, дәріханалық таразылар, өндіріс процесі жазылған дәптерлер тәркіленген.

Сотта айыпталушылардың кінәсі толығымен дәлелденді. Сот олардың құрамының тұрақтылығымен, рөлдердің нақты бөлінуімен, қылмыстарды жоспарлаумен, сондай-ақ, қылмыстық іс-әрекеттің нысандары мен әдістерінің тұрақтылығымен сипатталған ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында әрекет еткенін мәлімдеді.

"Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың үкімімен ҰҚТ басшысы А.Сейфуллин қылмыстық топты ұйымдастыруға және соның құрамында есірткіні заңсыз дайындауға, сақтауға, өткізуге қатысты кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 16 жылға бас бостандығынан айырылды", - делінген хабарламада.

Оның "оң қолы" Құрманбаева Д.Ж. 15 жылға бас бостандығынан айырылды. А.Семенова және Е.Скрипайдың мүліктері тәркіленіп, 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети