СҚО-да Hermes Ltd қаржы пирамидасына қатысты іс тергеліп жатыр

Сұлу Бөлек
Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

СҚО-да Hermes Ltd қаржы пирамидасына қатысты іс тергеліп жатыр Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Солтүстік Қазақстан облысындағы ҚМА департаменті Hermes Ltd қаржы пирамидасының қызметін ұйымдастыру дерегін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2019-2022 жылдар аралығында Hermes Ltd жобалары аясындағы инвестиция депозиттері бойынша қатысушыларды басқалардың жарнасы есебінен байыту негізінде халық қаражатын тарту арқылы қаржылық пирамида ұйымдастырылды. Осылайша, олар қаржы пирамидасына активтерді тартқан", - делінген хабарламада.

Қылмыстық іс бойынша үш жәбірленуші танылды, олар жалпы сомасы 4 миллион теңгеге жуық шығынға ұшыраған. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 493.84  course up  571.93  course up  6.24  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети