СҚО-да жаппай төбелес болды: 10 адам зардап шекті

Видео кадрынан

Солтүстік Қазақстан облысында тау-кен байыту комбинаты аумағындағы жанжал салдарынан 10 адам зардап шегіп, медициналық көмекке жүгінген. Жанжал видеосы Желіде тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысында тау-кен байыту комбинаты аумағындағы жанжал салдарынан 10 адам зардап шегіп, медициналық көмекке жүгінген. Жанжал видеосы Желіде тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Видеоны @sko_kz Instagram-каналы таратқан. Кадрлардан бірнеше ер адамның бөгеттен секіріп өтіп, комбинат жұмысшыларына шабуылдағанын көруге болады.   

Реклама
Реклама

"2 маусымда Тайынша АПБ кезекші бөліміне "Обуховский ГОК" ЖШС кіре берісіне көлік құралдарымен 30 шақты адамның келгендігі жайында хабарлама келіп түсті. Шұғыл түрде тау-кен байыту комбинаты мүліктік кешенінің аумағына АПБ жедел тергеу тобы жіберілді", - дейді полицейлер.

Тау-кен байыту комбинатының қоршалған аумағының алдына “Тиолайн” ЖШС-нің жеті құрылтайшыларының екеуі Қарағандыдан қарағандылық күзет агентікттерінен өз өкілдерімен келгені анықталды.

"Тау-кен байыту комбинатының аумағына кіруге оқталған кезде күзет агенттіктері және ұйым қызметкерлері мен "Обуховский ГОК" ЖШС-ті күзетуді жүзеге асыратын күзет агенттіктері және ЖШС өкілдері арасында дау-жанжал туындады. Қорытындысында, Тайынша ауданының және Ақмола облысының емдеу мекемелеріне түрлі дене жарақаттарымен 10 адам жүгінген", - делінген хабарламада.

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі 2-тармағы ("Бұзақылық") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілген.

"Күзет агенттіктерінің өкілеттіліктерді асыра пайдалану фактісі де ҚР Қылмыстық кодексінің 252-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. 1994 және 1998 жылдары туған екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта істің мән-жайын толық және объективті зерттеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - дейді полиция өкілі. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама