Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер бұрынғы әйелін өлтірді делінген Пески ауылының 28 жастағы тұрғынын ұстады. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам бастапқыда әйелін соққыға жығып, кейіннен оның денесін суға батырып жіберген, - деп хабарлайды "Мой Город" басылымы СҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1988 жылы дүниеге келген әйелдің денесін балықшылар Пески ауылына жақын Есіл өзенінен тапқан. Әйел аяқ-қолына тас байланған күйі табылған. Ал басында жарақаттың іздері қалған.
Айта кетейік, Пески ауылының тұрғыны мамыр айының соңында жоғалып кеткен болатын. Полицейлер мен туыстары осы уақыт бойы іздестіру жұмыстарын жүргізген.
Ал ұсталған тұрғын сотқа дейінгі тергеу жұмыстары кезінде кінәсін мойындады. Оның айтуынша, 26 маусымға қараған түні ол әйелімен жанжалдасып, соққыға жыққан. Кейін оның денесін Есіл өзеніне тастаған.
"Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты бұлтартпрау шарасын қолдану жоспарланып отыр. Іске қатысты қажетті сараптамалар тағайындалды", - деді Ғабит Мүсірепов аудандық ІІБ басшысының орынбасары, полиция капитаны Азат Құсайынов.
Айта кетейік, бұрынғы ерлі-зайыптылар ресми түрде 2015 жылы ажырасқан екен. Олардың кәмелетке толмаған екі баласы бар болып шықты.