СҚО-да жол талғамайтын көлік қаққан жігіттің аяғы кесілді

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Иллюстрациялық фото:elements.envato.com Иллюстрациялық фото:elements.envato.com

Петропавлда техникалық қызмет көрсету станциясы қызметкерлерінің бірін жол талғамайтын көлік қағып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Петропавлда техникалық қызмет көрсету станциясы қызметкерлерінің бірін жол талғамайтын көлік қағып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алған жарақатының ауырлығына байланысты жәбірленушінің аяғын кесуге мәжбүр болды.

Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде жарияланды.

"Автовокзалда (сервис, ол электрик болып жұмыс істейтін) күйеуімді қатты келіп көлік соққан. Жол талғамайтын көлік тізгінінде әйел отырған. Ол алғашқы көмек көрсетуге, жедел жәрдем шақыруға тырыспаған. Менің күйеуім, екі кішкентай баламның әкесі оң аяқсыз қалды", - деп жазады басылым.

Облыстық полиция департаменті оқиғаның қаладағы техникалық қызмет көрсету станцияларының бірінде болғанын растады.

"2021 жылғы 2 қарашада таңғы сағат 09:30 шамасында Петропавл қаласындағы ТҚС бірінің ғимаратында 1974 жылы туған Петропавл тұрғыны басқарған Jeep Grand Cherokee автокөлігі 1986 жылғы ТҚС қызметкерін қағып кетті. Көптеген дене жарақаттарымен ер адам медициналық мекемелердің біріне жеткізілді. Бұл факт қылмыстық кодекстің 114-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Абайсызда жарақат алу дерегі бойынша Қазақстан Республикасынан қылмыстық ісі қозғалды", - деп хабарлады Петропавл қалалық ІІБ.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ер адамның көпсалалы қалалық ауруханада емделіп жатқанын хабарлады. Медициналық мекемеге ауыр травматикалық шок жағдайында түскен.

"Біз мұқият қарадық, қан тамырлары хирургын шақырдық, бірақ оның аяғын сақтап қалудың жолы болмады. Ол жансақтау бөлімінен жарақат бөліміне ауыстырылды", - деп түсіндірді Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Гүлнәр Қалиева.

Полицияның хабарлауынша, сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында тиісті сараптамалар тағайындалып, істің барлық мән-жайларын толық, жан-жақты және объективті тексеруге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro