05 қараша 2019 | 11:10

СҚО-да колледж директоры пара бергені үшін жауапқа тартылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Солтүстік Қазақстан медициналық колледжінің директоры сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Солтүстік Қазақстан медициналық колледжінің директоры сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Солтүстік Қазақстан медициналық колледжі" ШЖҚ КМК директоры М.Б. Ахметоваға қатысты пара берді деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

"Ол СҚО ТЖД қызметкеріне анықталған өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін бұзғанына әкімшілік жауапкершілікке тартпауы үшін колледж фармацевті М.Т.Әбдікәрімованың делдал болуы арқылы 50 мың теңге сомасында пара берді деген күдікке ілінді. Ағымдағы жылдың 1 қарашасында Петропавл қалалық сотының үкімімен Ахметова М.Б. пара бергені, ал Әбдікәрімова М.Т. пара беруде делдалдық жасағаны үшін кінәлі деп танылды", - делінген хабарламада. 

Сотталғандарға 500 мың теңге және 250 мың теңге көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды, сондай-ақ мемлекеттік қызметте лауазымды қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети