СҚО-да отбасылық есірткі зертханасы әшкере болды

viewings icon 549 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Видео кадры Видео кадры

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер синтетикалық есірткі дайындаған отбасын ұстады. Полиция мәліметінше, есірткі зертханасы Петропавлдан 120 шақырым жерде - Жамбыл ауданындағы ауылдардың бірінде орналасқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер синтетикалық есірткі дайындаған отбасын ұстады. Полиция мәліметінше, есірткі зертханасы Петропавлдан 120 шақырым жерде - Жамбыл ауданындағы ауылдардың бірінде орналасқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Есірткі зертханасында синтетикалық "тұз" дайындауға арналған барлық жағдай болған: желдетілетін бөлмелер жабдықталған, колбалар, өлшеуіш ыдыстар, қорғаныш костюмдері мен респираторлар. Қылмыстық кәсіп түрімен бірге тұратын адамдар мен жақын туыстар айналысқан. Есірткі заттары Петропавлда байланыс тәсілімен сатылған. 

Ұстау және тінту кезінде полицейлер дозаларға өлшеніп салынған және сатуға дайын 55 грамм синтетикалық есірткіні тапқан. Көп көлемдегі қаптама материалдары, ұялы телефондар, дәріхана таразылары, жазбалары бар дәптерлер және басқасы тәркіленді. Сондай-ақ, синтетикалық препаратқа ұқсас шамамен 700 грамм ұнтақ зат табылып, тәркіленді. Тәркіленген заттар сот-химиялық зерттеуге жіберілді.

СҚО ПД басшысының орынбасары, полиция полковнигі Руслан Назаровтың айтуынша, бұл топты анықтау жұмыстары былтыр қазаннан бері жүргізілген. Бүгінде бұл дерек ҚР ҚК 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Төрт айыпталушы - екі ер адам мен екі әйел ұсталып, қамауға алынды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы
11°C Қазір алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю