СҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы ұсталды - БАҚ

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

СҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы ұсталды - БАҚ © omsk.mk.ru

Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы 425 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы "Астана" телеарнасы БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы 425 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы "Астана" телеарнасы БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Телеарна мәліметіне сүйенсек, шенеунік бұл соманы Петропавлдағы жекеменшік медицина мекемелерінің бірінің директорынан көмек көрсеткені және жалпы қамқорлығы үшін алған.

Басқарма басшысы изоляторға қамауға алынған. Алайда халық наразылығына қарамастан, бұл ақпарат әлі СҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде де, сотта да ресми түрде расталмады немесе теріске шығарылмады, делінген телеарна хабарламасында.

Петропавловск.news мәліметінше, өңірдің бас дәрігері Қабдырахман Сақтағанов парамен ұсталғаны туралы қауесет бір аптадан бері таралып келеді.

СҚО денсаулық сақтау басқармасының ресми сайтында Сақтағанов әлі де басшы ретінде көрсетілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети