СҚО-ның бас дәрігері пара алғаны үшін сотталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Қабдрахман Сақтағанов Қабдрахман Сақтағанов

Петропавл қалалық сотында СҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қабдрахман Сақтағановтың ісі бойынша басты сот отырысы өтті. Ол пара алды деген күдікке ілінген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Петропавл қалалық сотында СҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қабдрахман Сақтағановтың ісі бойынша басты сот отырысы өтті. Ол пара алды деген күдікке ілінген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының лауазымды тұлғасы ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 2-бөлігі ("Аса ірі мөлшерде пара алу") бойынша жазаға тартылған. Жекеменшік медицина мекемелерінің бірінің директоры Айнагүл Қарабаева да пара бергені үшін айыпталған.

Сот отырысында айтылған мәлімет бойынша, үш жас маман жекеменшік емханаға бөлінген. Алайда мәслихат шешімі бойынша оларға қосымша жәрдемақы бөлуден бас тартылған. Мекеме директоры бұл мәселені қайта қарауға Денсаулық сақтау басқармасының басшылығы көмектесе алатынын білген. Айыптаушы тараптың айтуынша, сол кезде Қарабаева облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысына 200 мың теңге көлемінде пара беруді көздеген, бірақ ол пара мөлшерін талқыламаған.

"23 қыркүйекте сағат 16:30-да "Денсаулық" КММ директоры Қарабаева пара беруді көздеп, Сақтағановтың кабинетіне келген. Ол Сақтағановтың жұмыс папкасына 200 мың теңге мөлшерінде ақша салып, конверт берген", - деді мемлекеттік айыптаушы Асылбек Қоңыратов.

Прокурордың айтуынша, Қарабаева кеткеннен кейін Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қабдрахман Сақтағанов конвертті ашып, ақшаны санаған.

"Жеке пайда табу ниетімен Сақтағанов 200 мың теңгені алып қалған. Артынша, облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бұл соманы тәркіледі", - деді Қоңыратов.

Қылмыстық іс бойынша кінәні мойындау туралы келісім түрінде процессуалдық келісім жасалған. Екі айыпталушы да бәрін мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін айтқан.

Осы мән-жайды ескере отырып, сот Қабдрахман Сақтағановтан 6 миллион теңгеге жуық айыппұл төлеуді талап етті. Айнагүл Қарабаев пара бергені үшін төрт миллион теңге төлеуге міндеттелген.

Айта кетейік, бұған дейін СҚО бас дәрігері ұсталғаны туралы ақпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте расталған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro