22 маусым 2017 18:31

Слекишина зорлық көрген тергеу изоляторының басшысы қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Наталья Слекишинан © Наталья Слекишинан

ЛА-155/18 мекемесінің басшысының міндетін атқарушы болып қызмет еткен Ермек Омарбеков Наталья Слекишинаның тергеу изоляторындағы зорлану дерегін жасырды және қызметте әрекетсіздік танытты деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


ЛА-155/18 мекемесінің басшысының міндетін атқарушы болып қызмет еткен Ермек Омарбеков Наталья Слекишинаның тергеу изоляторындағы зорлану дерегін жасырды және қызметте әрекетсіздік танытты деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Айыптау актісі бар іс бізге 20 маусымда түсті. ҚР ҚПК-не сәйкес, оны зерттеуге 10 күніміз бар, одан кейін процестік шешім шығарамыз. Омарбеков Ермек Дәулетұлы қызметінде әрекетсіздік танытты (ҚР Қылмыстық кодексінің 370-бабының 4-бөлігі) және қылмыстық құқықбұзушылықты жасырды (ҚР Қылмыстық кодексінің 433-бабының 4-бөлігі) деген күдікке ілінді", - деп хабарлады Алматы прокуратурасындағылар. 

Наталья Слекишинаны жәбірленуші деп тану бойынша қаулыда соталды тергеу барысында 2015 жылдың тамызының басында оның Ермек Омарбековке тергеу изоляторының қызметкерлерінен зорланғаны жайлы бірнеше рет ауызша шағым айтқаны анықталғаны айтылады. Алайда, құжатқа сенсек, ЛА-155/18 мекемесінің басшысы міндетін атқарушы оның қылмыс туралы арызын қабылдаудан бас тартқан. 

"2015 жылдың тамызында Слекишина ЛА-155/18 аға жедел уәкіл Руслан Хакимовтан қайталап зорлық көрген. Осыдан кейін ол Омарбековке зорлық дерегі бойынша жазбаша арыз қалдырған. Іс материалдары бойынша, Омарбеков мекеме басшысының міндетін атқарушы әрі қылмыстық құқықбұзушылықтар туралы мәліметтерді қабылдауға және тіркеуге жауапты бола тұра, Хакимовтың ауыр қылмысын біле тұра қызметінде әрекетсіздік танытты және өзіне жүктелген функционалдық міндеттерін орындамаған, ол бұл әрекетін Хакимовқа пайда және басымдық беру мақсатында істеген, Слекишинаның арызын саналы түрде қабылдамай, шара қолданудан бас тартқан. Мұның арты Слекишинаның бірнеше рет тағы да зорлануына және соңында жүкті болуына әкеп соқты", - делінген құжатта. 

Қаулыдағы мәлімет бойынша, Омарбеков арызды қабылдамаған және қызметтік тергеу бастамаған. Ол қылмыс іздерін жасыру үшін төтенше жағдай туралы Алматы қалалық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылығына хабарламаған делінеді, сөйтіп, 2015 жылдың тамыз айының соңында Слекишинаны Қарағанды облысына кезеңдеп, сонда оның жүкті екені анықталған.

Еске салайық, 2016 жылдың маусымында Наталья Слекишина тергеу изоляторының қызметкерлерін жабылып зорлады деп айыптаған еді. ДНҚ сараптамасынан баланың әкесі 37 жастағы бақылаушы Руслан Хакимов екені анықталған. Ол тоғыз жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Айта кетейік, Жамбыл облысының 32 жастағы тумасы Наталья Слекишинаға қатысты 2015 жылдың мамыр айында Алатау аудандық сотының үкімімен ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 3-бөлімі, 2-тармағы ("Қарақшылық, аса iрi мөлшерде жымқыру") бойынша сегіз жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілген.

2017 жылдың 3 ақпанында Наталья Слекишина бостандыққа шықты. Себебі Іле аудандық соты әйелге қатысты жазаны бес жылға кейін өтеу туралы шешім шығарған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети