26 қазан 2018 20:00

Соққыға жығып, камераға түсірген: Павлодарда полицейлер сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© lenta.ru © lenta.ru

Павлодарда ер адамды соққыға жыққан екі полицей 5 және 6 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Павлодарда ер адамды соққыға жыққан екі полицей 5 және 6 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Тергеу мәліметінше, оқиға тұрғын үйдің ауласында болған. Ер адам бұрынғы әйеліне алимент алып келген. Бұрынғы жұбайлар арасында жанжал шығып, әйел адам полиция шақырған. Жанжалдасудан бас тартқан ер адам көшеге шыққан. 

Сотта павлодарлықты кіре берісте көрген сәтте полицейлер соққыға жығып, рәзіңке таяқпен сабап, телефон камерасына осы әйелге қайтып бармайтыны туралы уәде беруін талап еткен. 

Зардап шеккен ер адамның екі қабарғасы сынған, миы шайқалып, жабық тұрде миына зақым келген. Алған жарақатты мамандар орта деңгейдегі ауырлық деп бағалады. 

Тергеу қызметінің 40 жастағы участкелік полицей мен 44 жастағы оның әріптесі ҚР Қылмыстық кодексінің "Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалан, өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында қаруды немесе арнайы құралдарды қолдану" бабы бойынша айып тағылған. Сонымен қатар, сотталушылардың біріне "Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру" бабы бойынша айып тағылған. 

Сот үкімімен айыпталушылар 5 және 5 жылға бас бостандығынан айырылды, олар жазасын қылмысты-оырндаушы жүйесінің қауіпсіздігі орта деңгейлі мекемеде өтейтін болады. 

Сонымен қатар, бұрынғы полицейлер зардап шеккен ер адамға материалдық және моральдық өтемақы миллион теңге көлемінде төлейтін болады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети