27 ақпан 2014 18:02

Солтүстік Қазақстанда адам саудагерлері ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©step-karelia.ru ©step-karelia.ru

Қызылжардың 29 жастағы тұрғыны осыдан бір ай бұрын тәртіп сақшыларының назарына іліккен. Полицейлер оны адам саудасына қатысы бар деген күдікпен бір ай бойы бақылаған екен. Күдік расталып, сезікті қылмыс үстінде ұсталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Күдікті монша мен қонақүйлердің клиенттеріне жыныстық қызмет ұсынып, жезөкшелерді жіберіп отырған. Қылмыскер екі қызды жезөкшелікке салу мақсатында әлдебіреумен саудаласып жатқанда ұсталған. Жедел шара барысында күдіктінің пәтерінен бұлардан бөлек тағы екі жезөкше қыз ұсталған. Қазір оған қатысты "Адам саудасы" фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті 7 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Ол бұған дейін адамға бұзақылық шабуыл жасағаны үшін жазасын өтеп шыққан екен. Ал жезөкшелік және жеңгетайлылықпен айналысуға өз ғимаратын ұсынған монша иесі болса әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ол 500 мың теңге көлемінде айыппұл төлейтін болады. Республикалық "Стоп трафик" жедел алдын-алу шарасының үш күнінде Солтүстік Қазақстан облысында жеңгетайлықтың 3 фактісі анықталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети