Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері өткен жылдары түрлі себеппен дер кезінде ашылмай, созылып кеткен бір топ қылмыстық істі аяғына жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ашылған қылмыстың басым бөлігі мүлік ұрлығымен байланысты.

СҚО ІІД криминалдық полиция басқармасының басшысы полиция полковнигі Мыңбай Асылбековтің айтуынша, "өткен жылдар" категориясына жататын қылмыстарды ашуға арналған арнайы топ құрылды, олар қозғалған істерді зерттеп, тексеріп, оларды ашудың барлық жолын қарастырады.
"Қылмыстарды ашуда белгілі бір қиындықтар болады, мысалы қылмыскер белгісіз бағытта тығылып қалуы мүмкін. Ондай кезде ҚР Ішкі істер министрлігінің тұрақты негізде жүргізілетін дерекқоры көмекке келеді. Ерте ме, кеш пе полицейлер болған жағдайды анықтап, қылмысты ашады", - дейді Мыңбай Асылбеков.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, осы жылдың басынан бері криминалдық іздестіру қызметкерлері "өткен жылдар" категориясы бойынша 80 қылмыстың бетін ашты.
"Мысалы, ақпан айында СҚО Уәлиханов аудандық ішкі істер бөлімінің шұғыл-тергеу тобы аудан орталығындағы дүкендердің бірінен ұрланған ұялы телефондар мен күміс бұйымдарға қатысты қылмысты ашты. Өткен жылдың желтоқсан айында дүкен сатушысы полицияға келіп, белгісіз біреулердің құны 1 миллион теңгеге жуық тауарын ұрлап кеткенін хабарлады. Мамандар тиісті тергеу шараларын жүргізіп, өткен жылы жасалған қылмысты ашты", - делінген хабарламада.