Сом, доллар және қару-жарақ. Таразда ұсталған 139 адамнан не тәркіленді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сом, доллар және қару-жарақ. Таразда ұсталған 139 адамнан не тәркіленді?

Жамбыл облысында күш құрылымдары тергеу шаралары барысында қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында күш құрылымдары тергеу шаралары барысында қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Бұл қарудың бәрі Тараз бен жақын маңдағы елді мекендерде террорлық шабуылдар мен жаппай тәртіпсіздіктер жасауға арналған. Жамбыл облыстық комедантурасының хабарына қарағанда, өңірде 139 адам ұсталған. Сонымен қатар, ұсталғандарда доллар мен қырғыз сомы болған. Осы қаражат арқылы олар студенттер мен қалтасын қампайтқысы келген жастарға заңсыз әрекет жасауға тапсырыс бермек болғаны айтылады.

Штабтағылардың айтуынша, тәртіпсіздіктерге қатысуға келісім бергендерге алкоголь мен есірткі заты берілген. 

Еске салайық, өңірде 29 блокбекет қойылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети