Сот EXPO ісі бойынша фигурант Қажымұрат Үсеновті жазалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астанада "Астана ЭКСПО-2017" компаниясынан қаражат жымқыру ісі бойынша 12 сотталушының айыпты мойындау туралы келісім түріндегі процессуалдық келісімге қатысты іс қаралды.

Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Қажымұқан Мекемтас өз кінәларын мойындап, прокурорлармен келісімге барған 12 фигурантқа қатысты үкім шығарды. Олардың ішінде "Астана ЭКСПО-2017" компаниясының Құрылыс департаментінің экс-басшысы, 61 жастағы Қажымұрат Үсенов бар. Сот оны айыпты деп танып, екі жылға бас бостандығынан айырды. Үсеновті қарауыл жасағы сот залында қамауға алды.
Қажымұрат Үсенов үкім оқылып жатқанда (ортада)
Сонымен қатар, судья қалған 11 сотталушыға қатысты үкім шығарды. Олардың ішінде Серік Найзабеков, Сергей Ильин, Нұрлан Ақпамбетов, Самат Сардарбеков, Алпысбек Тілекмектов, Марс Шорманов, Ренат Ақылбаев, Ерлан Тілеуов, Сейіт Сейітов, Талғат Сағындықов және Вячеслав Пягай бар.
Айта кетейік, ұлттық компанияның бұрынғы басшысы Талғат Ермегияев бастаған қалған сотталушылардың ісін басқа судья қарап жатыр. Үкім 10 маусымда шығады.