Сот алматылық атақты базарды мемлекетке қайтарды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Алматының Экономикалық соты бұған дейін жекешелендірілген Barys IV ("оптовка" деген атпен танымал) базарын мемлекет меншігіне қайтаруды талап еткен қалалық прокуратура шағымын қанағаттандырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматының Экономикалық соты бұған дейін жекешелендірілген Barys IV ("оптовка" деген атпен танымал) базарын мемлекет меншігіне қайтаруды талап еткен қалалық прокуратура шағымын қанағаттандырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Іс материалдарынан 2013 жылдың желтоқсанында "Найза-БН" компаниясы Barys IV базарын мемлекеттен сатып алып, Алматы қаласы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментімен келісімшарт жасалғаны белгілі болды. Бұған дейін Бас прокуратура бұл нысанның бес есе арзан бағаға сатылғанын хабарлаған болатын. Нарықтағы құны 1,5 миллиард теңге болса, 307 миллион теңгеге сатылған. Осыған байланысты Алматы прокуратурасы келісімшартты жарамсыз деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

"Мемлекеттік орган заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы мемлекет үлесін жекешелендіру кезінде заңсыз жеңілдіктер мен артықшылықтар беруі прокурордың талап қоюына негіз болып отыр. Сот талқылауы барысында талап арызда келтірілген дәлелдер расталды. 

Мәмілені жарамсыз деп тану үшін сатып алушыға нысан құнын төмен бағалауда көрсетілген заңсыз жеңілдіктер мен артықшылықтар беру негіз болды. Сотта мемлекеттік мүлікті арзандатылған бағамен сату дерегі расталды", - деді қалалық соттың баспасөз қызметі өкілдері.

Сот талап арызды қанағаттандырып, сатып алу-сату шартын жарамсыз деп тану туралы шешім қабылдағаны атап өтілген.

"Алматы прокуратурасының талап арызы қанағаттандырылып, сатып алу-сату шарты жарамсыз деп танылсын. Сот шешіміне соңғы шешім шығарылған күннен бастап бір ай ішінде апелляциялық және прокурорлық өтінішхат беруге болады", - деді судья Жанар Есембаева. 

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 522.11  course up  594.5  course up  6.34  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro