Анар Мешімбаева. Фото © tengrinews.kz
Бірнеше жыл іздеуде жүріп, өткен жылдың күзінде Қазақстанға экстрадацияланған Анар Мешімбаеваға қатысты іске Есіл аудандық соты нүкте қойды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Статистика агенттігі экс-төрайымының ісі былтырғы жылдың желтоқсан айында басталған-ды. Екі жарым айға созылған cот барысына Есіл аудандық №2 сотының судясы Ақмарал Исаева үкім етіп, Анар Мешімбаеваны 7 жылға бас бостандығынан айырды. "Сот Мешімбаева Анар Ертілеуқызын қылмысқа қатысы бар деп танып, ҚР ҚК 176 баптың 3 тармағының "б" және "г" пункті бойынша жеті жылға бас бостандығынан айыра отырып, жеке басына тиесілі мүлкін тәркілеуге және 5 жылға дейін мемлекеттік қызметке қабылданбауға үкім шығарды", - деді судя. Алайда Анар Мешімбаева өз кінәсін мойындамады. Айтуына қарағанда оның ешқандай кінәсі жоқ. Осыдан екі күн бұрын мемлекеттік айыптаушы Дәурен Әшімов соттан Анар Мешімбаеваға мемлекет мүлкін талан-таражға салғаны үшін сегіз жылға бас бостандығынан айырып, жалпы режимдегі колонияда жазасын өтеуді сұраған еді. Сот алдындағы соңғы сөзінде А.Мешімбаева қылмыс жасамағанын айтты. "Мен бұл жерден босаймын деп үміттенемін. Өйткені реформаторларды түрмеге отырғызуға болмайды. Себебі, онсыз Қазақстан дамымайды", - деді. Ұзақ уақыт Мәскеуде бой тасалап жүрген экс-шенеуніктің соты кезінде барлығы 40 куәгер тартылып, қылмыстық істің жалпы саны 32 томға жеткен. Ал оның соңына 2009 жылғы халық санағы кезінде 700 млн теңгені жымқырды деген айыппен құзырлы орындар түскен болатын.
Бірнеше жыл іздеуде жүріп, өткен жылдың күзінде Қазақстанға экстрадацияланған Анар Мешімбаеваға қатысты іске Есіл аудандық соты нүкте қойды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Статистика агенттігі экс-төрайымының ісі былтырғы жылдың желтоқсан айында басталған-ды. Екі жарым айға созылған cот барысына Есіл аудандық №2 сотының судясы Ақмарал Исаева үкім етіп, Анар Мешімбаеваны 7 жылға бас бостандығынан айырды.
"Сот Мешімбаева Анар Ертілеуқызын қылмысқа қатысы бар деп танып, ҚР ҚК 176 баптың 3 тармағының "б" және "г" пункті бойынша жеті жылға бас бостандығынан айыра отырып, жеке басына тиесілі мүлкін тәркілеуге және 5 жылға дейін мемлекеттік қызметке қабылданбауға үкім шығарды", - деді судя.
Алайда Анар Мешімбаева өз кінәсін мойындамады. Айтуына қарағанда оның ешқандай кінәсі жоқ. Осыдан екі күн бұрын мемлекеттік айыптаушы Дәурен Әшімов соттан Анар Мешімбаеваға мемлекет мүлкін талан-таражға салғаны үшін сегіз жылға бас бостандығынан айырып, жалпы режимдегі колонияда жазасын өтеуді сұраған еді.
Сот алдындағы соңғы сөзінде А.Мешімбаева қылмыс жасамағанын айтты. "Мен бұл жерден босаймын деп үміттенемін. Өйткені реформаторларды түрмеге отырғызуға болмайды. Себебі, онсыз Қазақстан дамымайды", - деді.
Ұзақ уақыт Мәскеуде бой тасалап жүрген экс-шенеуніктің соты кезінде барлығы 40 куәгер тартылып, қылмыстық істің жалпы саны 32 томға жеткен. Ал оның соңына 2009 жылғы халық санағы кезінде 700 млн теңгені жымқырды деген айыппен құзырлы орындар түскен болатын.