Шахтинск қалалық соты "АрселорМиттал Теміртау" акционерлік қоғамын жұмысшының жарақат алу оқиғасын тергеуге міндеттеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шахтинск қалалық соты "АрселорМиттал Теміртау" акционерлік қоғамын жұмысшының жарақат алу оқиғасын тергеуге міндеттеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сот материалдары бойынша, қайғылы оқиға 2016 жылдың 9 қарашасында болған. Жұмыс уақытында ол құлап, басы мен иығын соғып алған. Мұны көрген әріптесі бірден алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Болған жағдайды жұмысшы келесі күні аумақ басшысына мәлімдеген. Жұмысшыға үйде емделіп, оқиғаны жасыруға кеңес берген. Алайда екі айдан кейін жұмысшы есінен танып, оған "жарақаттан кейінгі тырыспа синдромы" деген диагноз қойылған. Осыдан кейін жұмысшы басшылыққа қызметтік тергеу жүргізуді сұраған. Дегенмен кәсіпорында жарақат алу дерегі расталмаған деген жауап айтылған.
Зардап шегуші Шахтинск қаласының сотына шағымданады. "Адвокат "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Ленин атындағы шахтада В.Д. Чугаевпен болған жағдайды еңбек уақытында болған оқиға ретінде танып, тергеу жүргізуге міндеттеуді сұраған", - делінген Шахтинск сотының хабарламасында.
Жауап беруші тарап оқиғаның тіркелмегенін алға тартып, тергеу жүргізбеуді сұрайды. Аумақ басшысы жұмысшының сөзін жоққа шығарады. Зардап шегушінің сөзін әріптесі растап, жеке өзі медициналық көмек көрсеткенін айтады. Сот тараптарды тыңдап, жазба материалдарды зерттеп, арызданушының талаптары заңды деген шешім шығарды.
"В.Д. Чугаевтың "АрселорМиттал Теміртау" Акционерлік қоғамына қарасты шағымын жартылай қанағатандырды. Жұмысшымен болған оқиғаны қызметіне байланысты болғанын мойындау туралы шешім шығарды. Ал акционерлік қоғамды оқиғаны тергеуге міндеттеді", - деген шешім шығарды судья Сыздықов.