Сот Біртановты үйқамақтан босатудан тағы да бас тартты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сот Біртановты үйқамақтан босатудан тағы да бас тартты

Сот бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа үйқамақ мерзімін елден кетпеу туралы қолхатқа ауыстырудан бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сот бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа үйқамақ мерзімін елден кетпеу туралы қолхатқа ауыстырудан бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Біртановтың адвокаты Дмитрий Куряченко Біртановты істің бабы қайта сараланғаннан кейін үй қамауында ұстау заңға қайшы келетінін айтты. Сондықтан экс-шенеуніктің адвокаттары шағым түсірген.

"Қаулыда судья Ақшабаев "сот үйқамақта ұстауға кедергі келтіретін ерекше мән-жайды таппады, сондықтан қылмыстық іспен танысу кезеңінде бұлтартпау шарасын негізді деп санайды" деп көрсетеді.

Бірақ қылмыстық іс жүргізу заңнамасы бұлтартпау шарасын қолдануға, әсіресе күдікті жасырынып, кедергі жасай алатын, қылмыстық қызметпен айналыса алатын ерекше жағдайларда ғана үй қамауына алуды көздейді, ҚІЖК-нің 136-бабы. Алайда судья Ақшабаев ерекше жағдайларда ғана үй қамауын қолдануға болмайды деген қорытынды жасайды", - деп түсіндірді Куряченко.

Бұған дейін Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімі туралы қаулы өзгеріссіз қалғаны хабарланған болатын.

Еске салайық, Біртановты үйқамаққа алу туралы шешім 14 шілдеде қабылданған болатын (14 қыркүйекті қоса алғанда). Адвокаттар сот қаулысының күшін жоюды сұрап, Біртановтың еркіндікте жүріп қылмыстық істі тергеуге кедергі келтіре алмайтынын айтқан еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети