22 қазан 2021 15:12

Сот бұрынғы вице-министрлер Сәдібеков пен Жақсалиевті ақтады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ғани Сәдібеков, Бақытжан Жақсалиев Ғани Сәдібеков, Бақытжан Жақсалиев

Судья Кемеңгер Имашев бұрынғы энергетика вице-министрлері Ғани Сәдібеков пен Бақытжан Жақсалиевке қатысты шығарылған үкімді оқыды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Судья Кемеңгер Имашев бұрынғы энергетика вице-министрлері Ғани Сәдібеков пен Бақытжан Жақсалиевке қатысты шығарылған үкімді оқыды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сотталушылар Бақытжан Жақсалиев пен Ғани Сәдібеков Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағында қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі емес деп танылды және қылмыстық құқықбұзушылық құрамының жоқтығына байланысты ақталды. Жақсалиевке, Сәдібековке қатысты бұлтартпау шарасы (...) жойылсын. Қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тарту салдарынан келтірілген зиянды өтеу құқығы танылсын", - деді судья.

Сонымен қатар, сот Қалдықтарды басқару департаментінің экс-басшысы Нұрбеков, мердігерлік ұйымның директоры Дуанбек, қаржыгер Қадирберлин, құрылтайшысы Жұмалинов, техникалық қадағалау бас инженері Жаркенов, ЖШС маманы Ғарифолланы кінәсіз деп таныды және қылмыс құрамы болмағандықтан ақтады.

Бұрынғы энергетика вице-министрлері Жақсалиев пен Сәдібековке, сондай-ақ басқа да тұлғаларға қатысты қылмыстық іс Щучье-Бурабай курорттық аймағындағы Қарасу көлін тазалауға және санациялауға бөлінген 2 миллиард 680 миллион теңгені жымқыру дерегі бойынша қаралған.

Істі прокурорға қайтарғанға дейін басты сот талқылауы 2019 жылғы желтоқсанда өткен болатын.

Ғани Сәдібеков 2018 жылдың наурыз айында ұсталған. 2018 жылғы 4 маусымда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев үйқамақта екенін мәлімдеген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети