Сот Қайрат Құдайбергеннің бұлтартпау шарасын өзгеріссіз қалдырды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сот Қайрат Құдайбергеннің бұлтартпау шарасын өзгеріссіз қалдырды Фото:instagram.com/kudaibergen_kairat

Сот Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау туралы бұлтартпау шарасын өзгеріссіз қалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сот Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау туралы бұлтартпау шарасын өзгеріссіз қалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі мәліметі бойынша, 4 мамырда Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Қайрат Құдайбергенді қамауға алу туралы шешімді өзгеріссіз қалдырған, адвокаттар шағымы қанағаттандырылмаған.

Бұған дейін тергеу соты Қайрат Құдайбергенді 30 тәулікке қамауға алуға санкция берген болатын.

Еске салайық, 22 сәуірде Қайрат Құдайбергеннің ұсталғанын Алматы прокуратурасының баспасөз қызметі ресми түрде растаған болатын.

Ұсталған депутат Қайрат Құдайберген туралы не белгілі?

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 498.52  course up  579.71  course up  6.43  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети