Сот ҚазҰТУ студенті Самұрат Жақсылоқовтың өліміне қатысты тергеу ісінен бірнеше заңбұзушылық тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан. Айта кетейік, Алматыда осы іске байланысты сот тексерісі жалғасып жатыр. Сотталушы орындығында - Тілек Текішев. Ол 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Сот ҚазҰТУ студенті Самұрат Жақсылоқовтың өліміне қатысты тергеу ісінен бірнеше заңбұзушылық тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан. Айта кетейік, Алматыда осы іске байланысты сот тексерісі жалғасып жатыр. Сотталушы орындығында - Тілек Текішев. Ол 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Кезекті сот тыңдауында судья Людмила Бектемірова қылмыстық істің материалдарымен танысып, тергеу амалдарынан бірнеше құқықбұзушылық анықтады. Яғни, ол прокурорға айыптау органының лайықсыз ұсынылған материалдарды қабылдауына сөгіс айтты. Тергеу бөлімінің қызметкері Олжас Байбековтың тергеу амалдарын жүргізу кезінде бірнеше рет заңбұзушылық жасағаны белгілі болды.
Осыған байланысты сотталушының адвокаты Бекболат Жексейітов ауызша шағым айтты. Ол осы істің тергеушісін тәртіптік жауапқа тартуды ұсынды. "Тергеу амалдары кезінде бірқатар заңбұзушылық болды. Оның іске салғырт қарауынан менің қорғауымдағы адам өзінің конституциялық құқықтарын қорғай алмады. Тағы бір айта кететін жәй, барлық дерек бұрмаланған, екіжақты төбелес болған сияқты етіп келтірген, ол кезде менің қорғауымдағы адам қаза табушының әрекетінен қорғанды. Сонымен қатар, қорғалушым тергеушіге болған оқиғаға қатысты дәлелдерін келтіре алмады, себебі одан бір-ақ рет жауап алынған. Әрі бұл оқиға күні болды, ол кезде қорғалушым жарақат алған еді. Ол физикалық тұрғыда қатты зардап шексе де, оған медициналық көмек көрсетілмеген", - деді адвокат.
Құқық қорғаушы тергеушінің істі объективті түрде жүргізбегенін де алға тартты. "Заң жүзінде тергеуші дәлелді Қылмыстық-процестік кодекс бойынша ғана жинай алады. Судьяның да бүгін Байбековтың заңбұзушылықтар жасағанына көзі жетті. Мен тергеушінің әрекеттерінен қылмыстың белгілерін көріп тұрмын", - деді Бекболат Жексейітов.
Еске сала кетейік, кісі өлімі 30 қараша күні Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-да болған еді. Дегенмен ресми ақпарат 3 желтоқсанда ғана таратылды.