12 ақпан 2014 | 14:42

Сот Қорғаныс вице-министрін қамауға алуға рұқсат берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бағдат Майкеев (ортада). Сурет Tengrinews.kz© сайтынан алынды Бағдат Майкеев (ортада). Сурет Tengrinews.kz© сайтынан алынды

Ақмола гарнизонының әскери соты Қорғаныс вице-министрі Бағдат Майкеевті қамауға алуға санкция берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан. "Қылмысты қудалау органдарының бұлтартпау шарасы түрінде қамауға алу өтініші қанағаттандырылуы тиіс", - деп өз шешімін оқыды әскери соттың төрағасы Дәулет Молдыбаев. Оның айтуынша, Майкеев аса ауыр қылмыс жасады деп күдіктеліп отырғандықтан, прокурор бұлдартпау шарасын қолдану керектігін дәлелдеді. Бұдан бөлек, егер ол еркіндікте жүрсе, тергеу ісіне кедергі келтіріп, тіпті тергеу және сот органдарынан бой тасалауы мүмкін. "Майкеев 10 жыл бас бостандығынан айрылуға жататын Қылмыстық кодекстің 311 бабы бойынша күдіктеліп отыр. Сонымен бірге бұл аса ауыр қылмысқа жатады. Генерал-майор Қорғаныс министрінің орынбасары қызметін атқарады, ол өзінің қызметінің күші арқылы істі әділ тергеуге кедергі келтіруі мүмкін", - дейді судья. Қамауға алу осы жылдың 20-ақпанына дейін ұзартылды. Генерал-майордың өзі журналистерге бұл ұстауды - нағыз арандатушылық деп түсіндірді. "Мен бұл ақшаны көрген жоқпын, мені жолда тоқтатып алды, осы кезде әріптесім телефон шалды, кездесуге ұсыныс жасады, әлдебіреу осыны пайдаланып, менің көлігіме ақша салынған сөмкені сұғып жіберген", - дейді Майкеев. Прокуратураның мәліметінше, вице-министр 252 миллион теңге және 147 мың доллар көлемінде пара алған. Бұдан бұрын хабарланғандай, генерал-майор тендер мәселесінің бірін шешу үшін екі миллион доллар пара алды деп ұсталған. Ол вице-министр қызметін 2011 жылдың қыркүйек айынан бері атқарып келеді.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети