Сот Сыроежкиннің ісін қайта қараудан бас тартты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сот Сыроежкиннің ісін қайта қараудан бас тартты Константин Сыроежкин. Фото: Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бұрынғы ғылыми қызметкері, белгілі қытайтанушы Константин Сыроежкинге қылмыстық істі қайта қараудан бас тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бұрынғы ғылыми қызметкері, белгілі қытайтанушы Константин Сыроежкинге қылмыстық істі қайта қараудан бас тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2019 жылы Константин Сыроежкин мемлекетке опасыздық жасағаны үшін айыпты деп танылған. Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты оны 10 жылға бас бостандығынан айырды.

"Жоғарғы Соттың Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы судьясының 2022 жылғы 14 сәуірдегі қаулысы бойынша сотталған Константин Сыроежкиннің өтінішін сот актілерін қайта қарауға негіздердің болмауына байланысты кассациялық сатыдағы сот отырысында қараудан бас тартылды. Бас тарту туралы қаулы шыққанға дейін және одан кейін сотталушының өзі де, оның қорғаушылары/адвокаттары да сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтініш білдірген жоқ", - деді Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі өкілдері.

2019 жылдың басында Константин Сыроежкин қамауға алынған болатын. Тергеуді ҰҚК органдары ҚР Қылмыстық кодексінің 175-бабы 1-бөлімі "Мемлекетке опасыздық жасау" бойынша жүргізді.

Константин Сыроежкин – тарих ғылымдарының кандидаты және саяси ғылымдардың докторы. 2006 жылдан бастап Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында бас ғылыми қызметкер болып жұмыс істеген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети