21 ақпан 2014 | 17:44

Сот төрағасы парамен ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото job-sbu.org сайтынан Фото job-sbu.org сайтынан

Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданының №2 сотының төрағасы Бақытжан Сатыбалдиевқа пара алды деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) сілтеме жасап. Ресми мәліметке сәйкес, ағымдағы жылы ақпанның 18-і күні Батыс Қазақстан облысы бойынша Қаржы полициясы департаментіне "Гинаят Курылыс" ЖШС директоры Р.Хамзин Зеленов ауданының №2 сотының төрағасы Б. Сатыбалдиевтің үстінен арыз түсірген. Оның хабарлауынша, Сатыбалдиев кәсіпкерге қатысты Зеленов ауданының салық басқармасымен жасалған әкімшілік материал бойынша айыппұл тағайындамау шешімі үшін 200 мың теңге бопсалаған. "Осы күні Батыс Қазақстан облысы прокурорының санкциясы бойынша қаржы полициясы қызметкерлері жедел-іздеу шараларын өткізіп, соның нәтижесінде Сатыбалдиевтің өз кабинетінде кәсіпкерден 200 мың теңге көлемінде пара алуын тіркеді. Тергеу алды тексеріс кезінде жиналған жедел-іздестіру материалдарының негізінде қаржы полициясы бас прокурорға Сатыбалдиевқа қатысты пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғау туралы ұсыныс енгізді. Бейнематериал бар", - делінген қаржы полициясының ресми хабарламасында.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети