Сотта "ірі қаржы пирамидасының" ісі неге прокурорға қайтарылғаны айтылды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сотта "ірі қаржы пирамидасының" ісі неге прокурорға қайтарылғаны айтылды Сурет: instagram.com/questraworld

Нұр-Сұлтан сотында Ішкі істер министрлігінде "Қазақстан тәуелсіздігі тарихындағы ең ірі қаржы пирамидасы" деп аталған Questra World компаниясына қатысты қылмыстық іс неге прокурорға қайтарылғаны туралы айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан сотында Ішкі істер министрлігінде "Қазақстан тәуелсіздігі тарихындағы ең ірі қаржы пирамидасы" деп аталған Questra World компаниясына қатысты қылмыстық іс неге прокурорға қайтарылғаны туралы айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сот соталды тергеп-тексеру органы жіберген заңбұзушылықтар істі қарауға кедергі келтіретін мынадай жайттар анықталды:

  • іс бойынша залал мөлшері белгіленбеген;
  • айыптау актісі тараптар іспен танысқанға дейін жасалды, содан кейін тараптардың өтініштері шешілуі керек еді;
  • тараптар мәлімделген өтініш бойынша шешім қабылданған жоқ;
  • қылмыстың жасалған жері де, уақыты да анықталмаған, қылмыстың жасалу тәсілі мен басқа да мән-жайы көрсетілмеген;
  • күдіктілер мен олардың қорғаушылары қылмыстық істі қайта бастау және қосымша тергеу жүргізу туралы хабардар болмаған;
  • айыпталушылардың бірі іспен таныспаған;
  • іс материалдары толық оқу мүмкіндігі қарастырылмайтындай рәсімделген", - делінген сот жауабында.

Қазір іс прокурордың өтініші және жәбірленушілердің жеке шағымдары бойынша апелляцияда жатыр. 

Сот 11 қарашада Questra World компаниясының "Қазақстанның тәуелсіздік тарихындағы ең ірі қаржы пирамидасы" туралы ісін прокурорға қайтарды. Ақпаратты Нұр-Сұлтан сотының баспасөз қызметі растады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети