Сотталған ақтөбелік лаңкестің барлығы атысқа арақ ішіп шыққан - дәрігерлер

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Ақтөбеде жазда болған лаңкестік оқиға кезінде содырлар атысқа арақ ішіп шығыпты. Сол кезде жаралыларға көмек берген дәрігерлер осылай деп отыр. Ал бүгінге дейін тергеу құпиясына байланысты жақ ашқан жоқпыз дейді ақ халаттылар. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбеде жазда болған лаңкестік оқиға кезінде содырлар атысқа арақ ішіп шығыпты. Сол кезде жаралыларға көмек берген дәрігерлер осылай деп отыр. Ал бүгінге дейін тергеу құпиясына байланысты жақ ашқан жоқпыз дейді ақ халаттылар. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

"Қолына қару ұстап, адам атқан әр бандиттің қасында болдым. Көрдім. Арақтың иісін мен де сезем. Ішкен бәрі. Емделіп шыққандары да ішкен. Өлгендері де, жарақаттан өлгендері де ішкен", - деді Ақтөбе облыстық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасының бас дәрігері Рақымжан Арыстан.

Жиһад деп шыққан экстримистерден мүңкіген арақ иісін сезген мамандар сол кезде сынама алған екен. Содырлардың барлығының қанынан алкоголь табылыпты. Тіпті біреуінің есірткі пайдаланғаны белгілі болған.

Телеарна тілшілерінің мәліметінше, оны сот-медициналық сараптама жүргізгендер іштерінде бүгіп отыр екен.

Айта кетелік, 5-ші маусымда 45 әсіредіншілді Дмитрий Таңатаров жалдамалы пәтерге жинаған. Кейін жиналғандардың жартысы қару-жарақ дүкендеріне шабуыл жасап, әскери бөлімге басып кірген болатын. Сол лаңкестік оқиға кезінде 7 адам қаза тауып, содырлардың 18-нің көзі жойылды. Ал тірі қалған жетеуі енді өмір бойы бостандық көрмейді. Жақында сот тек екі содырдың тәубесіне келгенін түсініп, 20 және 22 екі жылға үкім кесті. Сондай-ақ, шабуылға шығудан бас тартып, жарты жолдан қайтқандар 2-5 жылдан жаза арқалаған айта кетейік.     

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro