Созақтағы балабақша тәрбиешісінің баланы ұруына қатысты қылмыстық іс қозғалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Созақтағы балабақша тәрбиешісінің баланы ұруына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Оңтүстік Қазақстан облысының ІІД өкілдері Созақ ауданында түсірілді делінген видеоға қатысты пікір білдірді. Видеоға балабақша тәрбиешісінің баланы ұрған сәт түсірілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеоны YouTube желісіне Taikonur Sozak атты пайдаланушы орналастырған. Автор оқиғаның Созақ ауданы Тайқоңыр ауылындағы "Арай" балабақшасында болғанын айтады. "Роликте педагогтың балаға қаталдық көрсеткені анық байқалады. Тәрбиеші қатты ұрысып, баланы жұлқылайды және ұрады. Тәрбиешінің даусына қарасаң балаларды әскерге дайындап жатқан сияқты", - дейді ол. 

"Аталған дерек ҚР ҚК-нің 141-быбының 1-тарауы бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Қазіргі кезде полицейлер оқиғаның мән-жайы мен қайда болғанын анықтап жатыр. Сотқа дейінгі тергеу басталды", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети