ШҚО әкімі іс басқармасы басшысының орынбасары өлі күйінде табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ШҚО әкімі іс басқармасы басшысының орынбасары өлі күйінде табылды ©mk.ru

Өскеменде Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының "Шығыс Қазақстан облысы әкімінің іс басқармасы" коммуналдық мемлекеттік басқармасы жетекшісінің орынбасары өз үйінде өлі күйінде табылды, - деп хабарлайды YK-news.kz облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

44 жастағы әйелдің мәйіті Славский атындағы жағалауда орналасқан тұрғын үйдегі өз пәтерінен табылды. Бұл дерек бойынша "Кісі өлтіру" бабымен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдікті адам ұсталған жоқ.

"Осы аса ауыр қылмысты ашу және тергеу үшін ШҚО ІІД және Өскемен қалалық ішкі істер басқармасы қызметкерлерінен жедел тергеу тобы құрылды", - деп хабарлады ШҚО ІІД баспасөз қызметінің бастығы Бақытжан Торғаев. 

Қылмыстың жай-жапсары тергеу мүддесіне байланысты жария етілмей отыр. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети