ШҚО-да 21 жастағы қызды зорлаған үш ер адам сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ШҚО-да 21 жастағы қызды зорлаған үш ер адам сотталды © YouTube

Шығыс Қазақстанда 21 жастағы қызды зорлаған үш ер адамға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстанда 21 жастағы қызды зорлаған үш ер адамға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Апелляциялық алқа қарастырған іс материалдары бойынша, оқиға 2016 жылы болған. Үржар ауылының 21 жастағы тұрғыны кешкісін үйіне қайтып келе жатқан. Қыздың қасына таныс жігіт көлікпен тоқтайды да, жеткізіп салуды ұсынады. Танитын адамға сенген студент қыз көлікке отырады. Бөгде екі жолаушы барын қыз көлікке отырған соң көрген. Біраз уақыт өте олар қызға тиісіп, ұятты ұсыныстар жасаған. Қыз көліктен шығып кетуін өтінгенде оны боқтаған. Сосын қарсыласпасын деп бірнеше рет ұрып, пышақпен қорқытқан. Ауыл сыртына шығып кеткен кезде қыз тағы да қарсылық білдірген. Осы кезде олар қызды соққыға жығып, зорлаған. Ал болған жайтты біреуге айтар болса өлтіреміз деп қорқытқан. 

Қыз бала қорқытуларға қарамастан бірден полицияға барған. Күдіктілер көп ұзамай ұсталған. 

"Үржар аудандық соты ауылдың үш тұрғынын алдын ала келісім бойынша бірнеше адам болып зорлауға кінәлі деп тапты. Мұның алдында сотталған азамат 6 жылын қатаң тәртіптегі колонияда өткізеді. Өзге екеуі 7 жылға сотталды. Апелляциялық алқа шешімімен үкім өзгеріссіз қалды", - дейді Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметінің өкілдері.  

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети