ШҚО-да әкім мен полицейді боқтаған аула сыпырушы сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ШҚО-да әкім мен полицейді боқтаған аула сыпырушы сотталды © gorod.lv

Шығыс Қазақстан облысында ауыл әкімін және оған басу айтпақ болған полицейді балағаттаған аула сыпырушы сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстан облысында ауыл әкімін және оған басу айтпақ болған полицейді балағаттаған аула сыпырушы сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Іс материалы бойынша, оқиға Самар ауылдық округінде болған. Жергілікті әкімдіктің аула сыпырушысы жұмысқа мас күйінде келген. Мұны көрген әкім оған ескерту жасап, жұмыс уақытында ішкенін қоймаса, орнынан босататынын айтқан. 

Аула сыпырушы боқтап жауап берген. Әкім бірден полиция шақырған. Полицейлер мас аула сыпырушыны куәләндыруға алып кеткен. Сараптама кезінде ол полицейлердің бірін боқтаған. Полицейлер заң өкілін балағаттау бойынша іс қозғаған. 

Сот барысында әкім ер адамды кешірген. Аула сыпырушының өзі жұмыстан айырылатынын естіген кезде ашыуланғанын айтып ақталды. Дегенмен полицейлерді боқтағаны үшін ер адамға жүз сағат қоғамдық жұмыс жазасы тағайындалды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети