СҚО-да құны 85 миллион теңге болатын заңсыз алкоголь сақтаған қойма анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

СҚО-да құны 85 миллион теңге болатын заңсыз алкоголь сақтаған қойма анықталды © ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі

Солтүстік Қазақстан облысында көрінеу өтірік жасанды есеп-бақылау маркаларымен алкоголь өнімін сатпақ болған қылмыстық топ ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Солтүстік Қазақстан облысында көрінеу өтірік жасанды есеп-бақылау маркаларымен алкоголь өнімін сатпақ болған қылмыстық топ ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметімен көрінеу өтірік жасанды есеп- бақылау маркаларымен алкоголь өнімін сату бойынша заңсыз іс- қимылды ұзақ уақыт бойына іске асырған, орныққан ұйымдастырылған қылмыстық топтың іс- қимылы кесілді", - деп хабарлады комитеттегілер.

Баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қылмыстық топ мүшелерінің автокөлік құралдарынан және қоймаларынан Ресей Федерациясының аумағына әкетуге арналған, жасанды акциздік маркалармен құны 85 миллион теңгеден асатын шамамен 100 000 шыны алкоголь өнімі алынған.

15 наурызда сот шешімімен қылмыстық топтың төрт мүшесіне қамауда ұстау түрінде  бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети