ШҚО-да сегізінші сынып оқушысы төрт жасар баланы зорлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

ШҚО-да сегізінші сынып оқушысы төрт жасар баланы зорлады

Шығыс Қазақстан облысындағы ауылдардың бірінде сегізінші сынып оқушысы төрт жасар баланы зорлаған, - деп хабарлайды Тimeskz.kz облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстан облысындағы ауылдардың бірінде сегізінші сынып оқушысы төрт жасар баланы зорлаған, - деп хабарлайды Тimeskz.kz облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Шығыс Қазақстан облысындағы ауылдардың бірінде сегізінші сыныпта оқитын оқушы төрт жасар баланы қызықты ойын көрсетемін деп алдап, көлікке отырғызған. Күш қолдану арқылы ол баланы шешіндіріп, жыныстық қатынасқа түскен. Осы кезде баланың айғайлаған дауысын естіген көршісі көлікке барған, ал кәмелетке толмаған зорлықшы басқа есіктен шығып қаша жөнелген. Көршісі жәбір көрген баланы анасына апарып, болған жәйтті айтып берген. Әйел адам полицияға арыз берген. Психикалық дамуы артта қалған 8-сынып оқушысы ұсталды.

Алайда сараптама қорытындысы бойынша, оқушының қылмыс істеген сәтте есін толығымен білгені анықталған. Ол өзінің әрекетін балалар порносын көріп, соны қайталап көргісі келгендігімен түсіндіріпті. 

Зорлықшы өз кінәсін толығымен мойындады. Алайда ол кішкентай баланың өмір бойына психикалық тұрғыдан әсер етуіне байланысты және физикалық тұрғыдан да нұқсан келтіргені үшін сот оны ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы 4-бөлігі ("Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері, егер олар көрінеу жас балаға қатысты жасалса") бойынша 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. 

Ол жазасын қауіпсіздік деңгейі орташа мекемеде өтейді. Жәбірленушінің отбасына 700 000 теңге моральдық өтемақы төлейді. Сонымен қатар, оған бала тәрбиесі ісімен айналысуға тыйым салынды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети