ШҚО-да табылған қыздың өліміне күдіктінің басқа да қылмыстарға қатысы болуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

ШҚО-да табылған қыздың өліміне күдіктінің басқа да қылмыстарға қатысы болуы мүмкін © Komi-news.ru

ШҚО-да 14 жастағы қыздың өліміне қатысы бар деген күдіктінің тергеу барысында басқа да қылмыстарға қатысының бар-жоқтығы анықталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ШҚО-да 14 жастағы қыздың өліміне қатысы бар деген күдіктінің тергеу барысында басқа да қылмыстарға қатысының бар-жоқтығы анықталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полицейлердің мәліметінше, олар күдіктінің осыған дейін Семейде жасаған қылмыстары бойынша ұсталуының арқасында оның Шар қаласы Жарма ауданындағы 14 жастағы қыздың өліміне қатысын анықтай алды.

"Ол осыған дейін басқа да қылмыстарға қатысты ұсталған болатын. Оның бұл қылмысқа да қатысы бар екені белгілі болды. Бұл дәлелденді", - деп хабарлады ШҚО ІІД.

Күдіктіні ұстау туралы ақпарат берілген жоқ. Әзірше күдіктінің тек тергеу изоляторына қамалғаны туралы белгілі.

Еске салайық, 14 жастағы Айым Ұлтомбаева 2015 жылдың 12 қыркүйегінде жоғалған болатын. Туыстарының айтуынша, ол таңертең үйден шығып, қайтып оралмаған. Қызды сегіз ай бойы полицейлер, құтқарушылар және еріктілер іздеген. Іздеу жұмыстарына 500-ден аса адам қатысқан. Кейінірек полицейлер өлімнің себебін анықтай бастады. Оқушының мәйітін 12 мамырда кешкі уақытта өтіп бара жатқан адам тауып алған, ол қоқыс астында жатқан. Полицейлер қыздың өлімін растады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети