Стати ісі: Қазақстанның талап-арызы Нью-Йорк штатының сотына қайтарылды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Стати ісі: Қазақстанның талап-арызы Нью-Йорк штатының сотына қайтарылды

Нью-Йорктің федералды соты молдавиялық олигарх Анатол мен Габриэль Статидің алаяқтық әрекеттеріне қатысы бар Дэниел Чапмэн мен оның Argentem Creek ("Чапмэн") компаниясына қарсы талаптарды қайтару туралы Қазақстан өтінішін қанағаттандырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нью-Йорктің федералды соты молдавиялық олигарх Анатол мен Габриэль Статидің алаяқтық әрекеттеріне қатысы бар Дэниел Чапмэн мен оның Argentem Creek ("Чапмэн") компаниясына қарсы талаптарды қайтару туралы Қазақстан өтінішін қанағаттандырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2022 жылы 11 ақпанда АҚШ округтік соты (Нью-Йорктің оңтүстік округі) қабылдаған шешімдер:

  • Қазақстанның Чапмэнге қарсы талаптарын Нью-Йорк штатының сотына қайтару туралы өтінішін қанағаттандырды;
  • Чапмэннің Қазақстан талаптарын қабылдамау туралы өтінішін талап қоюшының талап қою құқығын сақтай отырып, қабылдамады;
  • Чапмэннің Outrider талаптарын қарастырмау туралы өтінішін қабылдамады;
  • Чапмэннің Outrider талаптарын ХСП-дағы төрелік тәртіпте қарауды мәжбүрлеу туралы өтінішін қанағаттандырды.

"Бұл - Қазақстан үшін өте маңызды жеңіс. Ол Чапмэнге қарсы сот ісін жалғастыруға мүмкіндік береді. Нью-Йорктегі талап-арыз бойынша, Чапмэн Статидің алаяқтығын шамамен 2012 жылы анықтаған. Алайда оған қарсы құқықтық шаралар қолданудың орнына Қазақстанды және басқа да тұлғаларды алдау мақсатында Статимен заңсыз сөз байласқан", - деп түсіндірді министрлік өкілі.

Ведомство мәліметінше, Статидің алаяқтығы - анықталған дерек. Ол Брюссель апелляциялық сотының 2021 жылғы қарашадағы шешімі бойынша расталған. Онда сот Стати Қазақстанға қарсы төрелік талқылауға дейін, талқылау барысында және одан кейін де алаяқтық әрекеттер жасады деген қорытындыға келді.

Қазақстан премьер-министрінің кеңесшісі Марат Бекетаев бұл шешімді түсіндірді.

"Чапмэн кейінгі екі жыл ішінде америкалық соттың Қазақстан (және Outrider компаниясы) берген талап-арыздары бойынша ісін тоқтатуға және кейінге қалдыруға барынша тырысты. Америкалық сот алдымен Вашингтонда, кейін Нью-Йоркте Чапмэннің талабын қабылдамағанына және сот біздің талапты одан ары қарайтынына қуаныштымыз", - деді ол.

Жақында тағайындалған әділет министрі Қанат Мусин бұл жайт АҚШ сотында толық анықталатынына сенім білдірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети