Степногорск қаласында банк директоры мен кассир 255 миллион теңге жымқырған

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Степногорск қаласында банк директоры мен кассир 255 миллион теңге жымқырған

Степногорск қаласында банк директоры мен кассир 255 миллион теңге ұрлаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 716 порталына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Степногорск қаласында банк директоры мен кассир 255 миллион теңге ұрлаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 716 порталына сілтеме жасап.

Ақмола облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2022 жылғы желтоқсанда Степногорск қаласында орналасқан банктердің бірінің бөлімшелерінде жүргізілген жоспарлы тексеру барысында аса ірі көлемде банк қаражатының жетіспеушілігі анықталған. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы ("Бөтеннің сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу") бойынша соталды тергеу басталған.

"Полиция осы деректі тексеру аясында қалалық филиал директоры мен кассирдің 2022 жылдың қараша-желтоқсан айлары аралығында 255 684 400 теңгені заңсыз иемденіп, жымқырғанын анықтады. Күдіктілер жоғарыда аталған соманы бір ай ішінде қылмыстық схемаларды әзірлемей және есептерді бұрмалау әрекеттерінсіз кассадан өндіріп алған", - деді полиция.

Қылмыстық тергеу жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети