Шу ауданында полицейді пышақтап, өртеп жіберген - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шу ауданында полицейді пышақтап, өртеп жіберген - БАҚ © Sputnik

Жамбыл облысының Шу ауданында Қордай аудандық полиция бөлімі полиция қызметі майорының өртеніп кеткен денесі табылды. Майордың жүрек тұсына пышақ салынған. Бұл қылмыс туралы ақпаратты Экспресс-К газеті анықтады. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысының Шу ауданында Қордай аудандық полиция бөлімі полиция қызметі майорының өртеніп кеткен денесі табылды. Майордың жүрек тұсына пышақ салынған. Бұл қылмыс туралы ақпаратты Экспресс-К газеті анықтады. 

Басылым мәліметі бойынша, бейтаныс әйел телефонмен Жайсан ауылының (Шу қаласынан 15 шақырым жерде) маңында адам денесін көргенін айтқан. Артынша көрсетілген жерге жедел топ қызметкерлері келіп, әріптесінің өртеніп кеткен денесін көрген. Бұл Қордай аудандық полиция бөлімінің ұйымдастырушылық-сараптамалық жұмыс тобының инспекторы, полиция қызметінің майоры 30 жастағы Бағдат Мәмілеев болып шықты. Ол екі баланың әкесі болатын. 

Дененің қасында оның құжаттары болған: жеке куәлік және қызметтік куәлік ұялы телефонмен бірге пакеттің ішінде жатқан, онда азғантай ақша, джинс, екі жейде және басқа да киімдер болған. Жолға арналған пакет денеден 10 метр жерде жатқан. 

Полицейді анықтауға ерекше белгісі де көмектескен - ол үш жыл бұрын жол апатына түсіп, жарақат алған екен, денеде сол жараның ізі бар. 

Газеттің жазуынша, оны өлтіруге ұрлық себеп болмаған, себебі қылмыскер телефон мен ақшаға тиіспеген. 

"Бірақ осынша қан төгіске не себеп болды? Полицейді пышақтап, кейін өртеп, денесін далада тастап кету - келісіңіздер, қылмыскер арнайы жасағандай көрінеді. Жамбыл полициясының басшылығы пікір білдіруден бас тартып отыр, бірақ бүл өлімді анықтау үшін барлық полицейдің күші жұмсалғаны белгілі", - деп жазылған мақалада. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети