Полиция 19 жастағы қарағандылық қыздың өз-өзіне қол салуы ісі бойынша "Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу" бабымен тергеуді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полиция 19 жастағы қарағандылық қыздың өз-өзіне қол салуы ісі бойынша "Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу" бабымен тергеуді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Галина Сибирякованың өлімі дерегі бойынша 105-баппен, яғни "Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу" бабы бойынша соталды тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, кешенді тергеулер шарасы өткізіліп жатыр", - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров.
Марқұмның туыстары Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында Галинаның өлімі әлеуметтік желідегі "Синий кит" ("Тихий дом") деген ойынға байланысты деп есептейді.
"Галина оқып жүріп, қосымша аспаз ретінде жұмыс істеген. Ол байсалды еді, мұндайын байқаған емеспіз. Суицид әрекеттері болмаған. Ол кеше, 6 қаңтарда өмірмен қош айтысты. Туыстарына бұл жайлы айту қиын. Бірақ біз оның өлімі "Синий кит" тобына байланысты деп есептеп отырмыз. Қазіргі уақытта осы болжамды тексеріп жатырмыз. Ата-анасы Галя мен оның құрбысының телефон арқылы сөйлескенін айтты. Мұны да тексереміз. Әрине, оны қайтара алмаймыз, бірақ егер осы топтың қатысы бар болып шықса, басқа қайғылы оқиғалардың алдын ала аламыз", - деді қыздың туыстары.
Еске салайық, осыған дейін БАҚ-тарда 19 жастағы қыздың суицид жасағаны жайлы хабарланған.